Алматыда күшікке қатыгездік көрсетілген видеоға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Еске салайық, 2 қазанда әлеуметтік желілерде әйелдің күшікті тепкілеп, қылқындырғаны түсірілген видео тараған. Куәгерлер жануарды әйелден тартып алып, ветеринарға жеткізген. Сол күні күшікке жаңа иесі табылды.
Полиция видеоға байланысты әйелдің жеке басын анықтады. Ведомство мәліметінше, ол психоневрологиялық есепте тұрған. Қазір әйел қажетті көмек көрсету үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.