Оралда екі жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу басталды

Оралда екі жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу басталды
ІІМ

Оралда 2010 және 2012 жылы туған екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандардың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

«Тергеу барысы полиция департаменті басшылығы мен Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 6 қазан күні кешке болған. Жасөспірімдер «Строитель» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төбесінен секіргені хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім колледжде оқыған, ал қыз мектеп оқушысы болған.