26 қазанға арналған ауа райы болжамы

26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

26 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы 1–3 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы болады.

Алматыда да жауын-шашын болжанбайды. Түнде 3–5 градус аяз болса, күндіз ауа температурасы 8–10 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде 2–4 градус, күндіз 14–16 градус жылы болады.

Солтүстік және орталық өңірлерде күн суытады.

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 0–5 градус, күндіз 6–11 градус жылы болады.

Орталық Қазақстанда түнде 2–10 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 5–12 градусқа дейін көтеріледі. Қарағанды облысының жекелеген аудандарында жауын-шашын болуы ықтимал.

Шығыс өңірлерде де суық ауа райы сақталады. Түнде 5–10 градус, таулы аудандарда 13–18 градус аяз болады. Күндіз ауа температурасы 5 градус аяз бен 5 градус жылылық аралығында құбылады.