Бразилияда экстремалды секіру қайғылы аяқталды. 21 жастағы қыз арқансыз құлап қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Бразилияның Лимейра қаласында 21 жастағы Мария Эдуарда Родригес де Фрейтас экстремалды rope jumping аттракционы кезінде қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ұйымдастырушылар қызды көпірден секірткен кезде қауіпсіздік арқаны оның белдігіне жалғанбаған. Салдарынан ол шамамен 40 метр биіктіктен құлаған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Қайғылы жағдайдан кейін полиция алты адамды қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастады.