Қазақстанда 21 тамызда ауа райы әр өңірде әртүрлі болады. Кей жерлерде күн ыстық болса, жекелеген аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз +30…+32 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Түнде +7…+9, күндіз +21…+23 градус жылы болады.
Шымкентте күн ыстық болады. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Түнде +19…+21, күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін жетеді. Жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Алматыда температура төмендей бастайды, ал Астана мен Шымкентте де ауа райы өзгереді.