2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа жетеді

2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3  жасқа жетеді

2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа ұлғайтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық денсаулық сақтау жүйесін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа ерікті негізде, тегін коронавирусқа қарсы вакцинация жасау қамтамасыз етіледі. Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің реформасы және цифрландыруы жүргізіледі. Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артады», - деді ол. 

Оның айтуынша, аудандық ауруханалар мен перзентханаларда медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі 70 пайызға жеткізіледі. 33 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт ашу, 2 ғылыми орталық пен 8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған. 

«Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің прогрессивті моделін жасау жалғасады. Жалпы қабылданған шаралар болжамды өмір сүру ұзақтығын 2021 жылы 73,3 жасқа ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет башсысы.