Freedom Inside '26

20 мың адам іздеп жатқан 8 жастағы баланың оқиғасы жүректі ауыртты

20 мың адам іздеп жатқан 8 жастағы баланың оқиғасы жүректі ауыртты
Коллаж: ult.kz

15 маусым күні Ингушетияның Қарабұлақ қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Хизир Дербичев суға батып бара жатқан досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секірген. Екінші баланы ересектер аман алып қалғанымен, Хизирді қатты ағыс алып кеткен.

Төрт тәулік өтсе де бала әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен Солтүстік Кавказ өңірлерінен келген еріктілерді қоса алғанда 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Мамандар өзен түбін тексеру үшін су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізуде. Ал еріктілер қолайсыз ауа райына қарамастан өзен арнасын жаяу шолып жатыр.

Хизирдің ерлігі көпшіліктің жүрегін тебірентті. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.