2026 жылдың 1 мамырында жалғыз ағасынан айырылған әйел әлеуметтік желіде жанайқайын жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, ағасын 17 жыл бірге отасқан әйелі жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген. Аталған қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни адам өлтіру фактісі бойынша тергелген. Іс бойынша қылмысты көрген куәгерлер бар екенін айтады.
Сот алқабилердің қатысуымен ашық форматта өткен. Алайда туысының сөзінше, үшінші сот отырысында марқұмның өліміне айыпталған әйел жазадан босатылған.
«Кешірші бізді! Сені өлтірген адамды бостандыққа еш жазасыз шығара салады деп ойладық па?! Бұл не сұмдық», - деді ол.
Марқұмның туыстары апеллияцияға шағым бермек.