15 қыркүйектен бастап Қытайда шекарадан өтуге қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Жаңартылған талаптарға сәйкес, елден шығатын азаматтар мен шетелдіктер сапар мақсатын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, деп хабарлайды ult.kz.
Жаңа тәртіп бойынша шекара қызметкерлері саяхатшылардан қосымша сұхбат алып, қажет болған жағдайда смартфондар мен ноутбуктердегі ақпаратты тексеруге құқылы болады. Билік бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті күшейту және маңызды ақпараттың сыртқа таралуын болдырмау мақсатында енгізіліп отырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Қытай азаматтарының әлеуметтік желідегі белсенділігі немесе ұлттық мүддеге қайшы деп танылған әрекеттері шетелге шығуға уақытша шектеу қоюға негіз болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа талаптар шетелге оқуға жіберу, көші-қон және халықаралық іссапарларды ұйымдастыратын компаниялардың жұмысына да әсер етеді. Сондықтан Қытайға сапарлайтын азаматтарға жол жүру мақсатын дәлелдейтін барлық құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады.