Freedom Inside '26

12 жастағы оқушы сыныптасын қылқындырып өлтірді

12 жастағы оқушы сыныптасын қылқындырып өлтірді
Фото: freepik

Ресейдің Приморье өлкесінде 12 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның сыныптасы күдікті ретінде ұсталды., деп хабарлайды ult.kz Politico.kz сайтына сілтеп. 

Тергеу мәліметінше, күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазір оны сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сараптама барысында оның психикалық жағдайы мен өз әрекетінің мәнін қаншалықты түсінгені анықталады.

Ресей Тергеу комитеті бұл факті бойынша «Адам өлтіру» және «Салғырттық» баптарымен екі қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ құқық қорғау органдары профилактика жүйесі қызметкерлерінің әрекеті мен әрекетсіздігіне де құқықтық баға беретінін мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, ұсталған жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұрмаған және қарапайым отбасында тәрбиеленген.

Еске салайық, 12 жастағы қыздың мәйіті Приморье өлкесіндегі үйлердің бірінің шатырынан табылған болатын. Тергеу жалғасып жатыр.