Фото: ашық дереккөз
Америкадағы сайлау бүкіл дүние жүзін өзіне қаратып, көптің көкейіне “енді әлемде қандай өзгеріс” болады деген сұрақты ұялатты. ULT.KZ тілшісі осы сұрақ төңірегінде саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиеваның ойын білді.
“Fox News Decision Desk” жобасының хабарлауынша, Дональд Трамп вице-президент Камала Харристі басым дауыспен жеңіп, Ақ үйде екінші рет билік етеді. Бұл туралы «Fox News» өз болжамдарына сүйене отырып хабарлады.
Әлем елдерінің жетекшілері де Трампты құттықтап әлеуметтік желіге жазба жариялаған. Алдымен НАТО бас хатшысы Марк Рютте өзінің “X” желісінде Трампты құттықтап, онымен келіссөздер мен ынтымақтастыққа дайын екенін жариялаған.
Фото: ғаламтордан, Толғанай Үмбетәлиева
- Толғанай ханым, АҚШ тағы сайлау әлем үшін маңызды екені белгілі. Болжам бойынша Дональд Трамп жеңді деп жатыр, оның саясаты мен Камала Харристің ұстанымында қандай айырмашылық бар еді?
- "Трамп пен Харрис туралы айтатын болсақ, әрине Трамп Республикалық партияның мүшесі болғандықтан, оның экономикаға қатысты позициясы мықты. Трамптың сыртқы саясатта өзіндік ұстанымдары бар. Ал, Харрис меніңше Байденнің саясатын жалғастырған болар еді. Трамтың сыртқы саясаты да мықты екенін көрген едік. Ол Ресей сияқты авторитарлық елдермен келіссөздер жүргізуге де дайын болады. Еуропалық Одақпен арадағы жылу да Трамптың ұстанымдарына қайшы. Трамптың алдыңғы басқаруында көрген едік, Еуропалық Одақ пен НАТО- ға ешқандай жеңілдіктер көрсетпеген. Сол үшін қазір Еуропа елдері қатты қобалжуда. Өйткені, Трамптың ұстанатын саясаты ЕО -ға ыңғайсыз."
- Дональд Трапмтың жеңісі Қазақстан үшін тиімді ме?
- "АҚШ президенті Қазақстанның сыртқы саясатына қатты ықпал етеді деп ойламаймын. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы демократиялық ел болғанымызды қалайды. Дегенмен, Трамптың саясаты орталық Азия елдерін Қытаймен қарым-қатынасты күшейткенін қаламайды."
- Дональд Трамптың Америкадағы мигранттарға деген көзқарасы оң емес екенін білеміз. Біздің елден АҚШ-қа барған азаматтарға саясаттағы өзгеріс қиындық әкеле ме?
- "Әрине Трамптың мигранттарға деген саясаты қатты. Бірақ заңды жолмен барған еліміздің азаматтары ешқандай қиындыққа кездеспейді. Бірақ қазіргі таңда АҚШ қа Мексика арқылы заңсыз келушілер көп. Олардың арасында біздің елдің азаматтары да бар. Оларға қиындық туындауы мүмкін. Олар құжат жағын, заңды жүру жолын қарастырғаны жөн. Харрис президент болған күнде де заңсыз мигранттарға қиындық туындайтын еді. Өйткені заң барлығына бірдей."
- Трамп Қазақстанның экономикасына ықпал ете ме?
- "Американың Президенті мұнай бағасына әсер етуі мүмкін. Дегенмен Қазақстанның экономикасына ықпал етеді деп ойламаймын. Қазір біз көбіне санкциялар астындағы Қытай мен Ресей сияқты елдермен байланыстамыз. Ал, Американың біздің ел экономикасына тигізетін зияны аз деп ойлаймын."
Сұхбаттасқан: Бекболат Мұхтаров