Сауд Арабиясы астанасындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалды: 13 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды

Сауд Арабиясы астанасындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалды: 13 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды
әлеуметтік желіден

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға жасалған шабуылдан кемінде 13 адам қаза тауып, 308 адам жарақат алды. Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады ult.kz.

Қаза тапқандар арасында Сауд Арабиясының төрт азаматы және Бангладеш, АҚШ, Иордания, Палестина, Сирия, Судан мен Мысыр азаматтары бар.

Шабуыл салдарынан әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, Эр-Риядқа бағыт алған рейстер басқа бағыттарға бұрылды. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның хуситтерге қарсы Сауд Арабиясының әскери операциясына қосылу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Йемендегі хуситтер әзірге әуежайға жасалған соңғы шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Сауд Арабиясы бастаған коалиция жауап қайтаруға уәде берді.

Еске салайық, Сауд Арабиясы 2015 жылдан бері Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарға қатысып келеді. 2022 жылы жасалған атысты тоқтату туралы келісім 2026 жылдың жазында бұзылған.