Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:
Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
Роман Скляр – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Ералы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Мұхтар Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Ғалымжан Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
Нұрлан Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Аида Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Сапархан Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Марат Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Алексей Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ақтоты Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
Юрий Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Мағзұм Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Айта кетейік, премьер-министрдің бірінші орынбасары мен тағы екі орынбасары өзгерген жоқ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады. Министрлердің басым бөлігі де өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Олар - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ұлттық экономика министрі.