05 ақп, 2025 сағат 13:32

Танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Кішкенбаевтың ісін жабық отырыста қарады, деп хабарлайды Ult.kz.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды.

Сотта әнші жағдайдың мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды",– деп хабарлады соттан.


Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде әнші Алмас Кішкенбаев оқушыға тиісті деген ақпарат тараған болатын.