16 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда елдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, шығысында қар түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 6–8 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 10–12 градус жылы болады. Түнде бағыты ауыспалы жел 1–6 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 1–3, күндіз 11–13 градус жылы болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде 8–10, күндіз 22–24 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең өңірдің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын түсіп, негізінен қар жауады. Көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында түнде 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.