01 ақп, 2025 сағат 14:11

Алмас Кішкенбаев сотқа тартылды

Фото: Press.kz

Әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы ("Ұзақ бұзақылық") бойынша айып тағылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Журналист Михаил Козачков бұл ақпаратты өз Telegram-арнасында бөлісті. Алмас Кішкенбаев 3 ақпанда сот алдында жауап бермек.

"Жеке тұлғаларға тиісу және басқа әрекеттері үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – деп жазды журналист.


Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жерінен ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.