03 сәу, 2024 сағат 14:39

Салтанат бірнеше рет басымен құлады — Бишимбаев BAU мейрамханасындағы әйелімен ұрыс туралы



Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, сыртта жүрген құрылысшылардан ұят болмауы үшін әйелімен дәретханада ұрысқан. Марқұм Нүкенова ол сыйлаған сыйлықтың бәрін дәретханаға ағызып жіберген. Сол кезде ол сусын алуға сыртқа шығып кетеді де, Нүкенова дәретханада қалады.


Келген соң Нүкенова дәретхана есігін іштен жауып алғанын байқайды. Бишімбаев есікті темірмен ұрғылай бастайды. Кейін Нүкенованың есікті ашқанын байқайды. Ол кіріп, Нүкенованы итеріп жібереді. Сол кезде оны тыныштандыру үшін бетінен ұрғанын мойындайды. Ол құлап, басымен дәретхана унитазына құлағанын айтады.


Кейін Бишімбаевтың айтуынша, ол бірнеше рет жерге құлаған.


"Ол үстіндегі жейдені шешіп, маған лақтырды. Мен өзімді ұстай алмай бетінен шапалақпен ұрдым. Ол тағы шалбарын шешуге оқталды. Мен шалбарының белінен ұстап тұрғанмын, сөйтіп ол дәретхана унитазына бетімен құлап кетті. Мен ашуланып, жібере салдым. Сөйтіп, ол солай құлады. Ол мен ұстап тұр деп ойлаған болу керек, мен жібере салдым... Ол алдымен қабырғаға ұрылды, сосын унитазға тағы құлады. Қатты ұрылды ғой деймін, еденге құлады.
Ол унитаздың жанында жатты, шешілген шалбары аяғында оратылып жатты. Мен де шошып, қарадым. Ол он бес минуттай жатты, көзі ашық болатын. Кейін ол тұрды, унитазда сағат пен неке жүзігі жатқанын қарап, оған ал дедім. Ол тұрып жатқанда кафель еденге тағы құлады", — деді сотталушы.



Салтанат бірнеше рет құлап-тұрып, киімін жыртып алған. Бишімбаев оған көмектескісі келіп, жыртылған киімді шешуге тырысқан. Сол кездің өзінде Салтанаттың басында жарақаттар болған.


"Бес-алты қадам жасағаннан кейін өзі жүре бастады. Ол өзі жүргенін көріп, оны жібере салдым. Ол төрт қадамдай жасап, тағы өзін басқара алмай, жерге құлады. Ол құлаған кезде қолын алдыға қаратып құлайтын, сосын мен түсінбедім, ол мас паә, елде алған соққыдан сондай әсер ме", - дейді Бишимбаев.



Бишімбаев одан жедел жәрдем шақыру керек пе деп сұрадым дейді. Бірақ ол жауап бермеген.


"Мен оған жақындап, бері қаратып, бәрі жақсы ма деп сұрадым. Адам қиналып жатса, жедел жәрдем шақыр деп айтар еді ғой. Ол жай ғана маған қарап, үндемей отырды. Бір сәтте ол есін жиып, тұрды да, диванға барып отырды. Ол мені жынды қылып тұр деп ойладым", - дейді Бишимбаев.


Салтанаттың туғандарына бұл әңгімені тыңдау қиын екені байқалады.