Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?

Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанда 2026 жылғы 20 қазанда АҚШ долларының ресми бағамы 452,59 теңге болып белгіленд, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, бүгін бір еуроның ресми құны 507,67 теңге, ал Ресей рублі 5,48 теңге болды. Қытай юані 67,75 теңге деңгейінде белгіленді.

Негізгі валюталар қанша тұрады?

Көрші елдердің валюталарына келсек, бір Қырғыз сомы 5,18 теңгеге тең. Түрік лирасының бағамы 9,15 теңге болды. Сондай-ақ Ұлыбритания фунт стерлингі 603,30 теңге, Швейцария франкі 548,46 теңге болып бекітілді. 

Ресми бағам қалай есептеледі?

Доллардың ресми бағамы Астана уақытымен сағат 15:30-да қор биржасында қалыптасқан орташа бағам негізінде анықталып, келесі жұмыс күні қолданылады.

Өзге валюталардың теңгеге шаққандағы құны сағат 16:00-дегі кросс-бағамдар арқылы есептеледі. Бұл ретте валюталардың халықаралық нарықтағы өзара арақатынасы ескеріледі. 

Қыркүйекте теңге неліктен нығайды?

Ұлттық банктің хабарламасына сүйенсек, қыркүйекте валюта нарығында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түскен.

Осыған байланысты реттеуші Ұлттық қормен жасалатын мәмілелерді айна-қатесіз қайталау тетігі аясында бұрын жоспарланған операцияларды кейінге қалдырған.

Сонымен қатар нарыққа Ұлттық қордан валюта түсіп, биржадағы сауда-саттықтың жалпы көлемі артқан.

Ұлттық банк қыркүйек бойы валюталық интервенция жүргізбегенін де атап өтті.

Қазақстанда доллар бағамы қалай өзгереді?

Ұлттық банк доллар бағамына қатысты нақты болжам бермейді.

Қысқа мерзімде АҚШ валютасының құны сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына, нарыққа қатысушылардың әрекетіне, салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуалға және геосаяси факторларға байланысты болады.

Сондықтан қыркүйекте теңге айтарлықтай нығайғанымен, алдағы уақытта бағам өсуі де, төмендеуі де мүмкін.

Реттеуші еркін өзгермелі айырбас бағамы саясатын жалғастырып, валюта нарығындағы операциялары туралы ақпаратты жариялап отыратынын мәлімдеді.

2026 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, қыркүйектің негізгі қорытындысы мынадай: теңге 4,6 пайызға нығайып, ай соңында бір АҚШ долларының бағамы 440,49 теңгені құрады.