21 қазанда Қазақстанның шығыс бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғып, шығыста қалың қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +4…+6 градус болады. Желдің екпіні секундына 15–20, кей уақытта 23 метрге жетеді. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді: түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус. Алматыда да күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +4…+6, күндіз +15…+17 градус болады.
Абай, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында қар күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел екпіні секундына 24–29 метрге жетеді.
Жамбыл облысының батысы мен шығысында, Алматы және Түркістан облыстарыныңсолтүстігінде, Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысыныңсолтүстігінде түнде 1–3 градус үсік жүреді. Сонымен қатар Атырау облысында және бірқатар батыс, оңтүстік өңірлерде өрт қаупі жоғары болады.