2025 жылдың көктемінде 48 жастағы ер адам 10 және 11 жастағы екі қызға зорлық көрсеткені үшін қамауға алынға. Сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды ult.kz.
Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, қыздардың анасы 2018 жылдан бері сотталған ер адаммен қарым-қатынаста болған. Ол балаларын бірнеше рет ер адамның қарауына қалдырған.
Мүгедектігі бар қыздар үйде білім алған.
Қылмыс болған күні қыздардың анасы үйде болмаған, ал ер адам мас күйде болған.
Сот отырысында айыпталушы жауап беруден бас тартқан. Осыған байланысты, мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, сотта оның қылмыс кезінде өзінің АИТВ (ВИЧ) мәртебесі туралы білген-білмегенін анықтау мүмкін болмаған.