24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік телеарналардан үндеу жолдап, Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жағдай қандай да бір шешім қабылдауды және жедел әрекет етуді талап етеді. Донбасс Халық республикалары Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды жиналыс бекіткен ДХР мен ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін мен арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдадым.
Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев қорлық көрсетіп, геноцид жасап келген адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинада демилитаризация мен денацификация жасауға, оған қоса бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей федерациясы азаматтарына да қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды сотқа тартуға тырысамыз.
Украина территорияларын оккупациялау біздің жоспарға кірмейді. Біз ешкімге күш көрсетейін деп жатқан жоқпыз" деді Путин.
Сонымен қатар РФ басшысы Ресейге қауіп төндіруі мүмкін ішкі күштерге үн қатты. Оның сөзінше, Ресейдің жауабы көп күттірмейді.
"Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Барлық қажет шешім қабылданды", - деді ол.
Ақпарат құралдары Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғанын хабарлап жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның консулдығында уақытша тіркеуде 517 адам, тұрақты тіркеуде 1113 адам тұр. Олар негізінен Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков, Львов облыстарында тұрады.