11 нау, 2019 сағат 11:52

Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.  

Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Boeing 737 лайнері Найробиге бара жатқанда Оромия өңірінде, Дебре-Зейт елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.