03 қар, 2017 сағат 21:59

Мейрамбек Беспаев Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді (видео)

Мейрамбек Беспаев Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қали Сәрсенбайдың Мейрамбек Беспаевқа арналған «Руға емес – рухқа, ағаға емес, Алашқа қызмет ететін кездерің» атты хаты жарық көрген болатын. Әнші Мейрамбек Бесбаев «Хабар» арнасының «Тікелей эфир» бағдарламасына қатысып, өнер мен мәдениет саласындағы бүгінгі қоғамдық сана мен таным туралы әңгімелей келе, сөз арасында Қали Сәрсенбайдың хатына да жауап берді.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/160762-meyrambek-bespaev-egemen-qazaqstan-gazetinde-zhariyalanghan-qali-sarsenbaydynh-khatyna-zhauap-berdi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Мейрамбек Беспаев Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қали Сәрсенбайдың Мейрамбек Беспаевқа арналған «Руға емес – рухқа, ағаға емес, Алашқа қызмет ететін кездерің» атты хаты жарық көрген болатын. Әнші Мейрамбек Бесбаев «Хабар» арнасының «Тікелей эфир» бағдарламасына қатысып, өнер мен мәдениет саласындағы бүгінгі қоғамдық сана мен таным туралы әңгімелей келе, сөз арасында Қали Сәрсенбайдың хатына да жауап берді.

Мейрамбек Бесбаев жазушының қазіргі қазақ өнерінің дәстүрлі рухани құндылықтармен сабақтастығын жете зерделеуге қатысты құнды ойларының орынды екенін атап өтті.

«Шынымды айтсам, сондай үлкен кісілер біздерді оқиды деп ойламаппын. Ойымызды қадағалағаны үшін алғыс айтамын әрі «қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» дегендей біраз назын айтқан екен. Жалпы маған емес, бірталай өнер адамдарына керекті көп әңгімелер жазыпты. Жастарды қанша сынай бергенмен, олардың ішінде де ақылдылары, естілері бар. Құдай қаласа хатқа кеңінен жауап беруге тырысамын. Қазір концертке дайындық үстіндемін. Концерттен кейін асықпай, мүмкін ағамызбен бірге отырып, өзіне тікелей жауап беретін шығармын», деді әнші.

Сонымен бірге, ол рухани-эстетикалық талғам мен ұлттық менталитетімізді сақтай отырып мәдениеттің жандануы үшін атсалысуға билік басындағы өнерге жаны жақын адамдар қолға алуы тиіс екендігін жеткізді.

«Бірнеше жыл бұрын талай-талай өзара жиналыстар жасағанбыз. Оның ішінде көптеген өнер адамдары болды. Әншілер, аға буын өкілдері. Басында келісіп аламыз да, аяғында аяқсыз қалып кетеді. Неге десеңіз, бізде бәрібір билік болмағаннан кейін жиналып алып, мынау өтсін, мынау өтпесін деп еш жерде айта алмаймыз. Сондықтан эфирге әркім шығуға құқылы. Сонымен бұл мәселе сол күйі қалып қойған еді. Енді келешекте шынымен жаны ашитын билік басындағы, мәдениетте, өнерге жақын адамдар осыны қолға алады деп ойлаймын», – деді Мейрамбек Бесбаев.

"Егемен Қазақстан"