Астана сотында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты.
Экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (азаптау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпылай Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Алқабилер қатысатын сот үкімімен сотталушы Бишімбаев жәбірленуші Нүкенованы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Нукенованы аса қатыгездікпен заңсыз қасақана өлтірді деп айтыпталады. Байжанов Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты алдын ала уәде етпей жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушының кінәсі жәбірленуші куәгерлердің айғақтарымен, аудио, видео материалдармен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жазасын жеңілдетті", - деді сот Айжан Күлбаева.