Қазақстанның Жапониядағы елшілігі сол елдегі отандастарымыздың санағын жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елшілікке сілтеме жасап.
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Жапония аумағындағы қолайсыз өзгеріп келе жатқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Елшілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының санағын жүргізуде.
Төтенше жағдай болған жағдайда одан арғы іс-қимылдарды хабарлау үшін мына сілтеме бойынша - өзіңіздің жеке мәліметіңізді (аты-жөні, туған күні, мекен-жайы және байланыс) ұсынуды сұраймыз», делінген Елшіліктің Жапониядағы қазақстандықтарға үндеуінде.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жапонияда коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Қазақстанның азаматтары үшін +81 80 2111 0909 нөмірі бойынша қауырт желі ашылғанын болатын.
Жапонияда коронавирус инфекциясын 945 адам жұқтырған. Оның 705-і Diamond Princess круиз лайнерінің экипажы мен жолаушылары. Соңғы мәліметтер бойынша олардың 11-і көз жұмған, тағы 50 адам ауыр халде жатыр.