Фото: Octagon
Депутаттық сауалға жауап бере отырып, Олжас Бектенов 2013 жылдан бастап аралас жекпе-жек спортын дамыту Қазақстанның Біріккен ММА федерациясы арқылы жүргізіліп келе жатқанын еске салды, деп хабарлайды Ult.kz мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдан бастап «Кәсіби ММА» спорт түрлерінің тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда Alash Pride, OCTAGON PROMOTION, Naiza Fighting Championship және Еркін Күш сияқты төрт халықаралық клуб жұмыс істейді, олардың барлығы жеке қаржы көздерінен қаржыландырылады.
Бектеновтің мәліметінше, елде 592 секцияда 23 мыңнан астам адам 193 жаттықтырушының басшылығымен дайындалып жүр. ММА бөлімдері бірнеше спорт мектептерінде ашылған, ал Қазақстан құрамасы құрамында 94 спортшы халықаралық чемпионаттарға қатысады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Азияда бірінші және Халықаралық ММА федерациясының (IMMAF) құрамындағы 130 елдің ішінде әлемде үшінші орында тұр.
Мәжілісте қаралып жатқан жаңа заң жобасы аясында мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту жоспарланып отыр, ал бюджет қаражаты тек ұлттық спорттық бағдарламаларға, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиялық ойындарға, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортына бағытталатын болады.
«ММА-ны дамытумен тікелей ММА федерациясы айналысатын болады», — деп атап өтті премьер-министр.