«Басым бос деді»: Танымал актриса Еркеш Хасеннің екінші жары екенін мойындады

«Басым бос деді»: Танымал актриса Еркеш Хасеннің екінші жары екенін мойындады
Фото: ult.kz

Танымал актриса Жанель Серғазина «Momsкий әңгіме» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды ult.kz.

Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Ілиясова Жанель Серғазинаны «Актриса, ұстаз, ана, Еркештің әдемі жұбайы» деп таныстырды. Жанель Серғазина Еркеш Хасенмен таныстық, желідегі хейт, қызы және өнер жолы туралы ашық әңгіме айтты. Сұхбат барысында актриса Еркеш Хасенмен ажырасқаннан кейін барып сөйлескенін айтты. Әнші оған «Ажырастым. Енді басым бос» деп айтқан екен. 

Бірақ әлеуметтік желідегілер шу шығарды. Олар актрисаны жерден алып жерге салды. 

«Енді Тұрсынбектікін шақырыңдар. Ол да риза болсын», «Айнұр Ілиясова деңгецін көрсетіп қойды. Кім-көрінгеннен сұхбат алып кетті», «Басқа адам табылмады ма шақыратын», «Тоқалы, ұя бұзары десеңізші» деді олар.