«Миксер мен фураларға 40 км/сағ шектеу қою керек»: желідегі пікір талқыға түсті

«Миксер мен фураларға 40 км/сағ шектеу қою керек»: желідегі пікір талқыға түсті
gurk.kz

Әлеуметтік желіде ауыр жүк көліктерінің жолдағы жылдамдығына қатысты мәселе қайта көтерілді, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушысы Нұрболат Азилов бетон араластырғыш көліктері мен ірі жүк таситын фураларға қала ішінде жылдамдық шектеуін 40 км/сағат деңгейінде белгілеуді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай көліктердің жоғары жылдамдықпен жүруі жол қозғалысына қауіп төндіреді,

«Бүгін осы жағдайды көріп жаман болдым. Күніге балаларымызға ескерту жасаймыз. Бірақ Миксер Камаздардың қатты айдайтыны алаңдатады. Олар сағатына жұмыс жасайтын болған соң вечно асығып ұйқылары қанбай ақша деп жүреді. Егер оларға ограничение 40 қойылмаса жағдайымыз нашар болмақ. Жаздай осындай қайғылар көп болады», – деген ол полиция Департаментіне осы мәселені қолға алуды сұрады. 

«Бала бала ісін жасайды. Үлкен Еркетерге не жоқ бала сияқты жарысып жүреді. Астана қаласы бойынша барлық Жүк көліктеріне 40 деген ограничение қойылып, бұзған жағдайда праваларын лешениеге жіберулеріңізді сұраймыз!», – деді желі қолданушысы.

Бұл пікірге қолдау білдіргендер де, қарсы шыққандар да болды. Кейбір қолданушылар ауыр жүк көліктерінің үлкен салмағына байланысты тежелу қашықтығы ұзаратынын айтып, мұндай шектеу жол қауіпсіздігі үшін қажет деп санайды. Олардың пікірінше, әсіресе тұрғын аудандар мен адам көп жүретін көшелерде жүк көліктерінің жылдамдығын төмендету апаттың алдын алуға көмектеседі.

Ал енді бірі мәселе тек жылдамдықта емес, жүргізушілердің жауапкершілігінде екенін алға тартты. Олар барлық көлікке бірдей шектеу қою логистика мен тасымал саласына әсер етуі мүмкін дейді.

Соңғы жылдары Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі талқыланып жүр. Әсіресе әлеуметтік желілерде фуралар мен арнайы техникалардың қала ішінде жоғары жылдамдықпен жүруі туралы бейнелер таралады.

Қазіргі таңда Қазақстанда жүк көліктеріне арналған жылдамдық шектеулері жол түріне және елді мекенге байланысты белгіленеді. Алайда әлеуметтік желідегі бұл ұсыныс қоғам арасында жол қауіпсіздігі мәселесіне қатысты пікірталастың әлі де өзекті екенін көрсетті.