89 жастағы кейуана қайта туған бауырларымен қоштасып, Қытайға жол тартты, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл әсерлі сәт туралы қарияның немересі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, әжесі туған жеріне аяқ басып, туыстарымен жолығып, енді қайта өз еліне аттанған. Әже Қазақстанға қайта оралатынына уәде беріп, көз жасына ерік берді.
Белгілі болғандай, кейуана туған бауырларын шамамен 20 жылдан бері көрмеген. Жылдар бойы жүрегінде сақтаған сағынышы мен қауышуға деген үміті енді орындалған. Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, қарияға ақ тілектерін жаудырып, туғандарымен аман-есен қауышуын тілеуде.