Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Қаулысымен Үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді.
"Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", - деп атап өтті Президент.
Қазақстанда БАҚ өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні тойлайды. Әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.