17 сәу, 2025 сағат 15:34

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Сенім грамоталарын:

- Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,

- Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,

- Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,

- Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,

- Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,

- Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,

- Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.