12 қазанда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста күндіз ауа температурасы +28°C-қа дейін көтерілсе, шығыста түнде −6°C-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Алматыда күндіз жаңбыр жауады. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды, батысында тұман түседі. Түнде +3…+8°C, күндіз +13…+18°C. Жел 9–14 м/с, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде +6…+8°C, күндіз +13…+15°C. Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде +3…+8°C, оңтүстігінде +11°C, солтүстігінде −1°C. Күндіз +17…+22°C, оңтүстігінде +25°C. Жел 5–10 м/с. Ақтөбеде түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауады. Түнде +8…+13°C, тауда 0…+5°C; күндіз +20…+25°C, тауда +10…+15°C. Жел 9–14 м/с. Қонаевта түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C. Атырау облысында жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Түнде +7…+12°C, күндіз +22…+27°C. Жел 7–12 м/с. Атырауда түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +8…+13°C, күндіз +21…+26°C. Жел 9–14 м/с, күндіз батысында екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C. Жамбыл облысыныңоңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Тауда тұман күтіледі. Түнде +9…+14°C, тауда +5°C; күндіз +15…+20°C, тауда +12°C. Жел 9–14 м/с, тауда екпіні 15–20 м/с. Таразда түнде +10…+12°C, күндіз +15…+17°C.
Жетісу облысының шығысында, орталығы мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тауда тұман түседі. Түнде +7…+12°C, орталығында +4°C, тауда −1°C; күндіз +20…+25°C, тауда +15°C. Жел 9–14 м/с, Алакөл маңында екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Талдықорғанда түнде +2…+4°C, күндіз +21…+23°C. Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде 0…+5°C, оңтүстігінде +8°C, солтүстігі мен шығысында −3°C; күндіз +12…+17°C, оңтүстігінде +20°C. Жел 9–14 м/с. Қарағандыда түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде +4…+9°C, оңтүстігінде +12°C; күндіз +14…+19°C, оңтүстігінде +22°C. Жел 9–14 м/с. Қостанайда түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C. Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +7…+12°C, күндіз +22…+27°C. Жел 7–12 м/с. Қызылордада түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C.
Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнде +13…+18°C, шығысында +10°C; күндіз +23…+28°C, солтүстік-батысында +20°C. Жел 9–14 м/с, күндіз батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Ақтауда түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C. Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Түнде 0…+5°C, шығысында −3°C; күндіз +12…+17°C. Жел 9–14 м/с, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Павлодарда түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.