Фото: видеодан кадр
Маңғыстауда екі мыңға жуық өлі итбалық табылды. Бұл туралы Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы 24 қазан мен 18 қараша аралығында Каспий теңізі жағалауын тексеру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Толығырақ ақпаратты Lada жариялады. Түпқараған ауданында 1155 өлексенің, ал Құлалы, Морской, Подгорный, Новый аралдарында және Қаражанбас пен Қаламқас аудандарында 834 өлексенің табылғаны хабарланды. Барлығы 1989 итбалықтың өлексесі анықталды.
Өлекселер қатты ыдырағандықтан, патологоанатомиялық талдау жасау үшін үлгілерді алу мүмкін болмады. Гидробиология және экология институтының зерттеушісі Әсел Баймұқанова итбалықтардың жаппай қырылуының себебі теңіз ортасының ластануы болуы мүмкін екенін айтты.
Балық шаруашылығы комитетінің мәлімдеуінше, бұл жағдай суасты жер сілкінісінен кейін табиғи газдың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін.
"Ғылыми ұйымдар зерттеу жүргізу үшін ішкі органдардың тіндерінен, азу тістерінен және теріасты майынан үлгілер алды. Нақты себептер зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады. Бұл процесс үш-төрт айға созылуы мүмкін", — деп хабарлады инспекция өкілдері.
Инфекциялық ауруларға тексеріс жүргізілді. Пастереллез, құс тұмауы, етқоректілер обасы, сальмонеллез және листериоз сияқты аурулар анықталмады. Зерттеулер жалғасуда.