Оңтүстік Кореяда жол үстінде жанжал шығарған қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда жол үстінде жанжал шығарған қазақстандық ұсталды
koreaherald.com

Оңтүстік Кореяда өзге көліктің жолын бөгеп, жүргізушісінің көлігін тепкілеген 21 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

The Korea Herald мәліметінше, оқиға 29 шілдеде Кёнгидо провинциясындағы Ичхон қаласында болған. Полиция мәліметінше, күдікті 30 жастағы жүргізушінің көлігін қуып жетіп, жолын кескеннен кейін көліктен түсіп, оның автокөлігінің алдыңғы бөлігін тепкілеген.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алғашында көлік нөмірін анықтай алмаған полиция бейнежазбаны қайта зерттеп, күдіктіні Ансон қаласында ұстаған. Оның көлігі тәркіленді.

Күдікті жәбірленушіні көлігін сатып алуға уәде беріп, кейін бас тартқан басқа шетелдік азаматпен шатастырғанын айтқан.

Оқиға орнында болған тағы бір 25 жастағы Қазақстан азаматы елде заңды тұру құжаттары болмағандықтан, қазан айының басында Оңтүстік Кореядан шығарылған. Қазір полиция ұсталған күдіктіні қамауға алуға санкция сұрап, екінші азаматқа халықаралық іздеу жариялау мүмкіндігін қарастырып жатыр.