Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама «102» арнасына түскен. Қала тұрғындарының бірі жасөспірімнің суға батып бара жатқанын айтып, шұғыл көмек сұраған.
Полицияның мәліметінше, балық аулап жүрген жасөспірім суға құлап, аяғы тасқа ілініп қалғандықтан, өздігінен жағаға шыға алмаған.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері – полицияның аға лейтенанты Махамбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек дереу суға түсіп, жасөспірімді аман алып шыққан.
Құтқарылған бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы жақсы.