17 сәу, 2019 сағат 10:06

Головкиннің келесі айқасы қашан және кіммен өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) маусым айында рингке оралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол 8 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында 35 жастағы канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі. Бұл туралы Туиттерде Yahoo! Sports журналисі Крис Мэнникс жазды. Ол DAZN стримингтік платформасында - яғни Головкиннің жаңа серіктесінде жұмыс істейді.

Көп кешікпей отандасымыз бұл ақпаратпен Instagram  әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Еске сала кетейік, Геннадий соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткізді. Ол төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен (51-1-2, 34 КО) жеңіліп қалды. Роллс соңғы рет 15 желтоқсанда рингке шығып, төрешілердің шешімімен америкалық Кеандр Лезервудты (21-6-1, 13 КО) жеңген еді.

4 мамыр күні "Канело" Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) кездеседі. Егер ол Джейкобсты, ал Головкин Роллсты жеңсе, қыркүйек айында GGG мен Альварестің үшінші кездесуі өтуі мүмкін.