07 мау, 2024 сағат 16:22

Ақтөбеде аутизммен ауыратын бала төртінші тәулік табылмай жатыр

Сурет:  instagram.com/polisia_aqtobe

13 жасар Кәрім Жетіру Ақтөбенің Заречный-1 ауданындағы үйден шығып, хабар-ошарсыз кетті. Бала аутизммен ауырады, оны 500 адам іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бала үйінің ауласынан шыққан сәт видеоға түсіп қалған. Аутизм дертіне шалдыққан баланы осымен төртінші күн іздестіріп жатыр. 

"Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер мен 40 бірлік техника, үш квадроцикл, екі қайық, төрт ат, ұшу аппараттары бар. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, егістіктер, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД.


Іздеу жүйелері тамақтану орындарын, дүкендер мен сауда орталықтарын тексеруде. Баланың деректері көрсетілген хабарламалар барлық қоғамдық орындарға жіберілді. Баланы іздеуге жақын маңдағы су қоймаларын тінтитін сүңгуірлер де жұмылдырылды.