Фото: Pixabay
Қазақстан үкіметі елдегі алғашқы атом электр станциясы салынатын орынды ресми түрде бекітті. Бұл туралы нормативтік-құқықтық актілер базасында жарияланған қаулыда көрсетілген, деп хабарлайды Ult.kz.
«Алматы облысының Жамбыл ауданында „Атом электр станциясы“ ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдансын», — делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданып, оған премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Алайда құжат бүгіннен бастап, ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
8 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді ұсынды.
