Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан жеңіліп қалды. Нәтижесінде, отандасымыз үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Жүсіпов бұған дейін әлемдік додада венесуэлалық Кристиан Паласионы, польшалық Дамиан Дуркасты, моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты жарыс жолынан шығарған еді.
Айта кетерлігі, отандасымыз осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.
Белград шаршы алаңында кешкі сессияда Қазақстан сапынан Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов жарыстың финалдық жолдамасын сарапқа салады.