17 қар, 2020 сағат 10:24

456 оқушы коронавирустан емделіп жатыр - Есмағамбетова

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова кезекші сынып оқушылары арасында қанша бала коронавируспен ауырып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқудың жаңа форматына көшу себебі – кезекші сыныптардың оқушылары арасында аурушаңдықтың төмендігі болып отыр. Ата-аналардың көпшілігі қазіргі кезде жұмыс істейді. Жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша мектептер офлайн жұмыс істеуге дайын екендігі анықталды», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оқыту форматы бойынша шешімді өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен бірлесіп әкімдік жанындағы өңірлік штаб қабылдайтын болады.

«1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сынып оқушылары арасында коронавирус дертімен ауырған 302 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, вирустық пневмонияға қатысты 1 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта 456 бала емделіп жатыр», - дейді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.