10 қаң, 2020 сағат 10:49

2019 жылы жемқорлық фактілері туралы 1 мыңға жуық хабарлама болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өткен жылы жемқорлық фактілері туралы 1 мыңға жуық хабарлама түсті.

Бұл туралы бүгін аталған ведомствоға қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Азаматтармен жедел әрі үздіксіз кері байланысты жолға қою үшін агенттікте 1424 Call-орталығы жұмыс істейді. Операторлар тәулік бойы режімде жемқорлық фактілері, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке кедергі келдіру деректері туралы хабарламалар алып жатады. 2019 жылы бізде шамамен 1 мыңға жуық мұндай хабарлама тіркелген болатын», - деді ол.

Оның атап өтуінше, түскен хабарламаларға орай 66 қылмыстық факті тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта 18 іс сотқа жіберілген. Жалпы өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда қоңыраулар мен тергелген істер саны екі есеге артып отыр. Бұл Call-орталығының тиімді екендігін көрсетеді.