Freedom Inside '26

Жұрт жаппай іздеген курьер-ана табылды (ВИДЕО)

Жұрт жаппай іздеген курьер-ана табылды (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Әлеуметтік желіде баласын құшақтап, курьер болып жүрген әйел табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Алматылық келіншекті мейрамхана қызметкері байқап қалған. 

«Үш күннен бері жұрт іздеп жатқан курьер-ана табылды. Оны Алматыдағы мейрамхана қызметкері көріп, сөйлескен. Ер адам әйелге қолдан келгенше көмек бергенін айтты. Оған қоса қазақтардан қолдау білдіруді сұрады», - деп жазды Тіл кеспек жоқ медиа жобасы. 

Айта кетейік, алаяқтар дереу іске кірісіп, суреттегі әйел бола қалған еді. 

«Тағы да алаяқтар. Тарайық, бұл – ол емес. Бейнеқоңыраудан қашады. Шынында да, барлық суреттер жасанды интеллект көмегімен жасалған екен. Селфи түскен фотода баланың қолдары біртүрлі көрінеді», - деп жазды желі қолданушысы. 

Тіпті әйелмен бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге де тырысқан. Алайда нәтиже бермеген.