Жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жеңілдікпен төлей алмауы мүмкін

Жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жеңілдікпен төлей алмауы мүмкін
Фото: freepik

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлды жеңілдікпен төлеу тәртібін өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Жүргізуші бір жыл ішінде бес рет өрескел ереже бұзса немесе жалпы он рет жол ережесін бұзса, оған айыппұлды жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік берілмеуі мүмкін.

Яғни бір рет ереже бұзған жүргізуші бұрынғыдай айыппұлын жеңілдікпен төлей алады. Ал ереже бұзуды жиі қайталайтындарға мұндай жеңілдік берілмеуі ықтимал.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов те бұл мәселеге қатысты ұсыныс айтқан. Ол ереже бұзушылық саны көбейген сайын айыппұл көлемін арттыруды және жиі бұзатын жүргізушілерге жеңілдікті алып тастауды ұсынған.