Freedom Inside '26

Жоғырдан құлаған жігіт елді әбден күлдірді (ВИДЕО)

Жоғырдан құлаған жігіт елді әбден күлдірді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

2-қабаттан еденімен бірге құлаған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде кең таралып кетті, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрда дүкен ішіндегі кабинет анық көрінеді. Бір сәтте төбе опырылып, іште алаңсыз отырған адамның үстіне әлдебір ер адам кенеттен құлап түседі. Оқиға күтпеген жерден болғаны бейнежазбадан байқалады.

Одан кейін құлаған жігіт ыңғайсызданып қалғандай әсер қалдырып, кешірім сұраған ишара жасап, тез арада оқиға орнынан кетіп қалады.

Голливудтық фильмнен аумайтын бұл жағдай Бакудегі танымал азық-түлік дүкенінде болған. Желі қолданушылары болса оның әрекетіне әзілмен қарап, «күнде құлап жүрген адам сияқты сабырлы» деп қалжыңдап жатыр.