Жоғалған затын іздеген жігіт соққыға жығылды: күдікті ұсталды

Жоғалған затын іздеген жігіт соққыға жығылды: күдікті ұсталды
kaztag.kz

Алматыда жоғалған затын іздеп жүрген азаматты есірткі жасырылған орынды іздеп жүр деп ойлаған ер адам оны ұрып-соққан. Күдікті полиция қызметкерлері тарапынан жедел ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар түскен бойда жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждары оқиға орнына жіберілген.

Тексеру барысында күдікті жәбірленушіні есірткі жасырылған орынды іздеп жүр деп күдіктенгенін айтқан. Алайда кейін оның жоғалған жеке затын іздеп жүргені анықталған.

Салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, азамат медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жанжалдың нақты себептері мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.