Зейнетақы қорынан алынған қаражат пайдаланылмаса, 45 күн ішінде кері қайтарылады

Зейнетақы қорынан алынған қаражат пайдаланылмаса, 45 күн ішінде кері қайтарылады

Зейнетақы қорынан алынған қаражат 45 күннің ішінде мақсатты түрде жұмсалмаса ол толық көлемде азаматтың БЖЗҚ-дағы қорына кері қайтарылады. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер зейнетақы қорынан аударылған ақша 45 күннің ішінде үй алуға пайдаланылмаса, онда қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады. Яғни бұл тұрғыда нақты шектеу қойылған. Егер ақша алынғаннан кейін 45 күннің ішінде қолданылмаса, ақшаның нақты мақсатты бағытқа пайдаланылғанын растайтын құжатты көрмесек, онда ол қаражат БЖЗҚ-дағы өз жинағыңызға толық көлемде қайтарылады», - деді Ләззат Ибрагимова. 

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды.