Желіде тараған бейне дауға айналды: Алматыда жасөспірімдерге қатысты іс қозғалды

Желіде тараған бейне дауға айналды: Алматыда жасөспірімдерге қатысты іс қозғалды
pixabay.com

Алматыда кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасаған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Интернетте жарияланған бейнежазба кейіннен өшірілгенімен, құқық қорғау органдары дереу тергеу жұмыстарын бастаған.

– Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген ведомство хабарламасында.