Желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның атынан парақша ашылды

Желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның атынан парақша ашылды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әлеуметтік желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның күнделікті өмірінен бейнежазбалар жариялайтын парақша ашылды. Оны жақын туысы жүргізіп, Ақбаянның немен айналысып жүргенін көрсетіп отырады, деп хабарлайды ult.kz.

Парақшадағы видеоларда Ақбаянның сурет салып, серуендеп, жақынымен әңгімелескен сәттері көрсетілген. Бейнежазбалардың бірінде ол ноутбук пен құжаттарға қарап, жұмыс істеуге талпынып отыр.

Жазбаны жариялаған туысының айтуынша, Ақбаян бұрын сот орындаушысының көмекшісі болып еңбек еткен. Қазір парақшада оның күнделікті тіршілікке қайта араласу барысы бөлісіліп жатыр. 
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты тың дерек шықты.

Ақбаян Мұқанғалиева кім?

Ақбаян Мұқанғалиева - Атырау облысының Жангелдин ауылында ата-анасы мен екі бауырынан айырылған әйел. Оның отбасы мүшелерінің өліміне қатысты іс қоғамда кеңінен талқыланды. Осы қылмыс үшін бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Бұған дейін Ақбаянға қатысты да тергеу жүргізілген. Алайда Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталмағандықтан, 2026 жылғы 24 маусымда сотқа дейінгі тергеу тоқтатылған.