"Жастық шақ ішумен өтті": Төреғали Төреәлінің жаңа жазбасы қызу талқыға түсті

"Жастық шақ ішумен өтті": Төреғали Төреәлінің жаңа жазбасы қызу талқыға түсті
Төреғали Төрәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі кезекті жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі Threads парақшасында ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңінен үзінді жариялаған, деп хабарлайды ult.kz.

Әншінің бұл жолғы жазбасы да желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Ол ақынның жастық шақ, өткен өмір және уақыт туралы ой қозғайтын өлең жолдарымен бөліскен.

"Жастық шақ біздің өтті ішіп,
Жұрт ұқсап жөндеп іше алмай.
Түспейтін көзге көп түсіп,
Түсетін көзге түсе алмай.
Отырмыз енді көт қысып,
Ұшайын десе ұша алмай", – деп жазды әнші.

Өлең жолдарында жастықтың қызығына беріліп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалған адамның өкініші әзіл мен астарлы ой арқылы жеткізіледі.

Алайда өнер иесі бұл шумақты қандай мақсатпен жариялағанын түсіндірмеген.

Әншінің жазбасына жұрт не деді?

Төреғали Төреәлінің кезекті жазбасы әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды. Кейбір оқырмандар оның не айтқысы келгенін түсінуге тырысса, енді бірі әншінің соңғы уақытта жариялап жүрген жазбаларын сынға алды.

"Телефонын алып қоятын адам бар ма?", "Күз ешкімді аямады", "Қарындастарынан ұят болды", "Мынаған не болған?", "Абыройын төгіп жүр", – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Бұған дейінгі жазбалары да талқыланған

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әйел мен ер адамның қарым-қатынасына қатысты айтқан пікірлері де жұртшылық арасында қызу талқыға түскен еді.

Әсіресе оның "Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді" және "Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі" деген жазбалары әлеуметтік желіде түрлі реакция тудырған.

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі – қазақстандық эстрада әншісі, айтыскер ақын әрі актер. Толық аты-жөні – Төреғали Төреәліұлы Әлиханов. Ол 1992 жылғы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Өнер иесі Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінде актер мамандығы бойынша білім алған.

Шығармашылық жолын айтыстан бастап, студенттер арасындағы бірнеше сайыста жеңімпаз және республикалық айтыстарда жүлдегер атанған. Кейін эстрадаға бет бұрып, "Отанды сүю – иманнан" әнімен көпшілікке таныла бастады. Әншінің Ерке Есмаханмен бірге орындаған "Алло" дуэті де кеңінен танылды.

Ол "Ұлы дала баласы" деген атпен шығармашылық кештер өткізіп, жеке концерттерін ұсынған.

Репертуарында "Біртүрлі қыз", "Сағыныш", "Найзағай болып" және "Ерке қыз" секілді туындылар бар.

Өнер иесінің жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы, әнші отбасылық өміріндегі жаңалықтарды да әлеуметтік желіде бөлісіп тұрады.