29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, жекелеген аймақтарда үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығып, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -2…-4 градус, күндіз +9…+11 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус жылы болады. Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +4…+6 градус, күндіз +16…+18 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде түнгі салқын сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктер тұрғындарға ауа райының өзгерісін ескеріп, жолда сақ болуға кеңес береді.